RU

"Өміріміз осыған байланысты": Министр ел тұрғындарын карантинді сақтауға шақырды

Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева коронавирус індетінің таралуы тыйылмай отырғандықтан, еліміздің тұрғындарын санитарлық талапты қатаң сақтауға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Facebook/Aida Balayeva
Фото: Facebook/Aida Balayeva: Instagram

Бұл туралы министр Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Бүкіл әлемдегі секілді біздің елімізде де коронавирус індетінен болған өлім-жітім көрсеткіші күннен күнге өсіп келеді.

Осы орайда, көкірегі ояу, саналы деген көпшілік адамдардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауы қынжылтады.

Сондықтан да, өзіміздің және жақын туыстарымыздың денсаулығы үшін әрқайсыларыңыз ды санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырамын. Дәл қазіргі таңда баршамыздың өміріміз осыған байланысты болып отыр", - деді Балаева.

Соңғы дерек бойынша, жалпы елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 12 859-ға жеткен. Оның 7336-сы жазылып, ауруханадан шықса, 58 адам қайтыс болды.

Ал әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар 7 миллионнан асты. Вирус жұқтырғандар саны бойынша әдеттегідей АҚШ көш бастап тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1859446-mirimiz-osygan-bajlanysty-ministr-el-trgyndaryn-karantin-saralaryn-saktauga-sakyrdy/