RU

"Талқылайтын мәселе қалмады": КХДР билігі Оңтүстік Кореямен барлық байланысты үзді

Пхеньян Оңтүстік Кореямен барлық байланыстардың тоқтатылатын мәлім етті. Билік Сеулмен "талқылайтын мәселе қалмағандықтан" осындай шешімге келгенін жеткізген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КХДР Орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасап.

Ким Чен Ын. Фото: Getty Images/Pool / Pool
Ким Чен Ын. Фото: Getty Images/Pool / Pool: Facebook

Ресми дереккөздер таратқан ақпаратқа сәйкес, Оңтүстік Корея билігі солтүстіктегі көршілеріне "үнсіз республикаларға қарсы іс-қимылдарды мақұлдаған".

Пхеньян дерегінше, бұл жағдай Сеулмен қарым-қатынасқа "соңғы нүкте" қою туралы шешім қабылдауға себеп болды.

8 маусым күні Оңтүстік Кореямен жұмыс жөніндегі департамент өкілдерінің кездесуі барысында көрші мемлекетпен байланысты дұшпандық қарым қатынасқа өзгерту қажет екендігі айтылған.

Сеулмен байланыстарды тоқтатудың жоспарына сәйкес, Пхеньян екі ел арасындағы барлық қол жетімді байланыс желілерін өшіру туралы шешім қабылдады. Процесс жергілікті уақыт бойынша 9 маусымда түскі уақытта басталады деп жоспарланған.

Еске сала кетейік, 25 сәуір күні америкалық New York Post басылымы Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның қайтыс болғанын мәлім етті.

Gazeta.ru дерегінше, Солтүстік Корея басшысының көз жұмғаны туралы деректер қытайлық Weibo әлеуметтік желісі арқылы тарап кеткен.

Кейінірек КХДР бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1859517-talkylajtyn-msele-kalmady-khdr-biligi-otstik-koreamen-barlyk-bajlanysty-zdi/