Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында жол құрылысы қарқынды жүруде

Опубликовано:

Жаңақорған, Шиелі аудандарында құрылыс жұмыстары мен жол жөндеу ісі қарқын алған. Күннің ыстығы мен карантинге қарамастан қызу жұмыс жүруде. Мердігерлер облыс әкімінің тапсырмасы тиянақты орындалатынын айтуда.

Қызылорда облысында жол құрылысы қарқынды
Фото:Қызылорда әкімдігі: Facebook

Жаңақорған кентінің шет аймақтары шеттетіліп қалмайды. Бүгінде халық жаңадан қоныстанған «Май бекеті» шағын ауданында жүйелі жұмыс жүруде. Мұнда 300 орындық жаңа мектеп салынуда әрі білім ошағына апарар жол да жаңаланып жатыр.

«Біз жұмысты бір ай бұрын бастадық. Қазір іргетасын қойып жатырмыз. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, желтоқсанда пайдалануға беруді жоспарладық. Екі қабатты мектептің құрылысындағы жұмысшылардың 80 пайызы – жергілікті тұрғындар. Орташа айлық жалақы 100-120 мың теңге. Алдағы уақытта бұдан да көтерілуі мүмкін. Қосымша жұмыс күші қажет болғанда жергілікті халық әлі де жұмыспен қамтылады», – дейді «ҚазҚұрылысСервис» ЖШС учаске бастығы Құрмаш Үрметов.
Қызылорда облысында жол құрылысы қарқынды
Фото:Қызылорда әкімдігі: Facebook

Мұндай жұмыстар Шиелі ауданында да қарқынды жүруде. Кентте барлығы 5 көшеге күрделі жөндеу жүргізілсе, 21 көше орташа жөндеуден өткізілмек. «Шиелі жолшы» серіктестігі барлық көшені бір апта көлемінде бітіреміз деп отыр. Жұмысшылардың айлық жалақысы 85 мың теңгеден төмен емес. Жол жөндеу жұмыстарына 117 жергілікті тұрғын қамтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1860123-kyzylorda-oblysynda-aua-rajy-men-karantinge-karamastan-zol-krylysy-karkyndy-zrude/

pixel