Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қордай оқиғасынан кейін қызметінен кеткен Мырзахметов қазір қайда жүр

Опубликовано:

Осы жылы ақпан айында Қордай оқиғасынан соң қызметінен босатылған Асқар Мырзахметовтің қазіргі уақытта қайда жүргені белгілі болды. Ол Жамбыл облысының әкімі лауазымынан кеткеннен кейін екі ай карантинде жатқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Azattyq Rýhy басылымына сілтеме жасап.

Фото: Жамбыл облысы әкімінің ресми сайты
Фото: Жамбыл облысы әкімінің ресми сайты: UGC

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, Асқар Мырзахметов Алматыда тұрып жатыр.

Жамбыл облысының бұрынғы әкімінің Нұрбол есімді көмекшісі ол туралы қысқаша ақпарат берген.

"Асқар Исабекұлы шетелде емес, Қазақстанда. Қандай кәсіппен айналысатынын білмеймін. Ақпан айында қызметтен кеткен соң екі айдай карантинде болды. Қызметте қайда болса, сонда тұрады ғой.
Бірақ негізгі үйі Алматыда. Жеке шаруалары туралы білмеймін. Жұмысқа қатысты ғана хабарласып тұрамыз. Басқа мән-жайларды айта алмаймын. Ол кісінің өзіне хабарласып біліп берейін", - деді Нұрбол.

Сонымен қатар, осыған дейін өткен жылы қазан айында бостандыққа шыққан бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың қайда тұрып жатқанын және немен айналысып жүргенін жазған болатынбыз.

Еске сала кетсек, 7 ақпанда Қордайда болған жаппай тәртіпсіздіктен кейін өңір басшысы Асқар Мырзахметов өз еркімен қызметінен кетуге өтініш берген еді.

Оның орнына Жамбыл облысының әкімі болып, еліміздің вице-премьері болған Бердібек Сапарбаев тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1860777-kordaj-okigasynan-kejin-kyzmetinen-ketken-myrzahmetov-kazir-kajda-zr/

pixel