RU

Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа жеделхат жолдады

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жеделхат жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Путин Елбасыға телеграмма жолдады
Фото: elbasy.kz: UGC

Владимир Владимирович Нұрсұлтан Әбішұлына зор денсаулық тіледі.

"Сізге шын жүректен, осынау қиын сәтте қолдау білдіргім келеді.Сіздің ерекше өмірлік қуатыңыз және оптимизміңіз сізге қысқа мерзімде вирусты жеңуге көмектеседі деп сенемін. Шын жүректен толығымен сауығып кетуіңізді тілеймін", - деп келтірді Путиннің сөзін Кремльдің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы бүгін, 18 маусым күні белгілі болды.

Тұңғыш президенттің жағдайы туралы ақпарат Елбасы сайтында да пайда болды.

Ал біраз уақыт өткеннен кейін Тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус инфекциясын жұқтыруына қатысты пікір білдірді. Ол Елбасының қазіргі жағдайы туралы ақпаратпен бөлісті.

Үкібайдың мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығына қатысты жағдай медициналық қызметтердің жіті бақылауында. Сондай-ақ, Елбасы заманауи коммуникация арналарын қолданып, қашықтан жұмыс істеуді жалғастуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1861112-putin-elbasyga-telegramma-zoldady/