RU

"Қауіпсіздіктің кепілі": Тоқаев полицейлерді кәсіби мерекесімен құттықтады

23 маусым – Қазақстан полицейлерінің кәсіби мерекесі. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер органдарында жұмыс істейтін бүкіл қызметкерді құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Depositphotos

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жазды.

"Қазақстанның полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Батылдық, адалдық, принципшілдік сияқты қасиеттер – қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігінің кепілі.
Сіздер пандемияға қарсы күрес секілді қиын-қыстау кезеңде де өздеріңізге жүктелген күрделі міндеттерді адал атқарып келесіздер. Барша полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, бақ-береке, табыс тілеймін!" - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ дәрігерлерді мемлекеттік ордендер мен медальдармен марапаттағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1861692-kauipsizdikti-kepili-tokaev-policejlerdi-ksibi-merekesimen-kttyktady/