RU

Тоқаев Мәскеуге Жеңіс парадына ұшып барды (фото)

Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күніне арналған парадқа қатысу үшін Ресей астанасына ұшып барды деп жазады KAZ.NUR.KZ. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

Фото Берік Уәлидің Facebook парақшасынан алынды
Фото Берік Уәлидің Facebook парақшасынан алынды: UGC

"Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барды.

Ертең, яғни, 24 маусым күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 13:00-де Қызыл алаңда Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев «Белгісіз солдат» қабіріне гүл шоғын қояды және Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты қабылдауға қатысады.

Қазіргі ауыр эпидемиологиялық ахуалға байланысты Мәскеу сапарының алдында Президент жоспарлы түрде коронавирусқа тест тапсырды. Қасым-Жомарт Кемелұлы бұған дейін де медициналық хаттамаға сәйкес, үнемі тексеруден өтіп келеді" , - деп жазды Берік Уәли.

Еске сала кетейік, Ресей басшысы Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде қатысуға шақырды. Қазақстан президенті шақыртуды ризашылықпен қабыл алған. Телефон арқылы сөйлесуге Ресей тарапы бастамашы болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1861838-tokaev-mskeuge-zeis-paradyna-syp-bardy-foto/