Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы жайлы белгілі болды

Опубликовано:

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өткен аптада қауіпті коронавирус инфекциясын жұқтырып алған болатын. Бүгінде Елбасының денсаулығы жайында жаңа ақпараттар келіп түсіп жатыр. Айдос Үкібайдың айтуынша, ол өзін жақсы сезінеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Twitter

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы өзінің Twitter желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеген.

Айдос Үкібайдың жазбасына сәйкес, соңғы уақытта Нұрсұлтан Әбішұлының жағдайына қатысты сұрақтар тым көп келеді екен.

"Бұл күндері БАҚ өкілдері Елбасының денсаулығы жөнінде көптеген сұрақтар қойып жатыр. Нұрсұлтан Назарбаев өзін жақсы сезінуде. Елбасы өзін-өзі оқшаулауды жалғастырып, дәрігерлер талаптарын орындап жүр" , - деді Айдос Үкібай.

Еске сала кетейік, Айдос Үкібай бұған дейінгі мәлімдемесінде Елбасы коронавирустың симптомсыз түрімен ауырып жатқанын жеткізген болатын.

Баспасөз хатшысы Назарбаевтың дене қызуы тұрақты әрі одан КВИ-ге тән белгілер байқалмайтынын айтты. Ол халыққа алаңдауға еш негіз жоқ екенін түсіндірді.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде қашықтан жұмыс істеп жатыр. Ол бірнеше мемлекет басшыларынан қоңырау қабылдап, өзіне келіп түсіп жатқан барлық телеграммаларды оқып шығуға тырысуда. Еліміздің тұңғыш президентіне тек қана ел басшылары ғана емес, мәдениет қайраткерлері, ЖОО басшылары, қоғам қайраткерлері мен халық әртістері де білдіріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1861967-nrsltan-nazarbaevty-densaulygy-zajly-belgili-boldy/

pixel