Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шараларды жариялайды
Опубликовано:
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 маусым күні коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңес өткізеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebooк әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
"Ертең, 29 маусым күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңес өткізеді. Кеңесте Мемлекет басшысы қазіргі ахуалға баға беріп, азаматтардың денсаулығын сақтаудың сапасын арттыруға бағытталған шараларды жариялайды. Сондай-ақ экономиканы қолдау және халықты әлеуметтік қорғау мәселесі де қаралады деп жоспарланып отыр. Кеңеске Үкімет мүшелері, бірқатар ведомство басшылары, облыс әкімдері қатысады", - деді ол.
Естеріңізге сала кетсек, 27 маусымдағы жағдай бойынша елімізде тағы 461 адамнан коронавирус анықталғаны туралы жазған едік.
Қазақстанда бүгінгі таңға дейін COVID-19-бен ауырғандар саны 20780-ге жетті
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1862506-tokaev-koronavirus-indetini-taraluyna-karsy-saralardy-zarialajdy/