Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семей қаласының әкімінен де коронавирус анықталды

Опубликовано:

Семей қаласының әкімі Ермек Салимовтан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы қала басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Ермек Салимовтың жеке парақшасы
Фото: Ермек Салимовтың жеке парақшасы: UGC
"Бүгін Covid-19 анықтау мақсатында тапсырған тест оң нәтиже бергені белгілі болды. Шектеулерге қарамастан көп адамдармен белсенді түрде тығыз байланыста жүргізілген жұмыстар өз әсерін көрсетті деуге болады.
Бүгінгі күннен бастап қатаң оқшаулау режимінде боламын. Мүмкіндігінше онлайн жұмыс жүргізуге тырысамын. Барлық Семейліктерді сақтық шаралары мен санитарлық қызметтердің ережелерін сақтауға шақырамын. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!", – деп жазды Ермек Салимов Іnstagram парақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан, Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыровтан, президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиден, мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханнан, Теміртау әкімі Ғалым Әшімовтен, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Ораловтан, бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтан, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Аукеновтен, Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтан коронавирус анықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1862984-semej-kalasyny-kimi-de-koronavirus-zktyrdy/

pixel