Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Доллар бағамы нарықта 412 теңгеден жоғарылады

Опубликовано:

KASE соңғы ақпараттарына сүйенсек, америкалық валюта бағамы соңғы аукционнан бері 1,5 теңгеге қымбаттады. Қазіргі уақытта доллардың орташа сараланған бағамы 412,23 теңгені құрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ биржаның ресми сайтына сілтеме жасап.

Доллар бағамы нарықта 412 теңгеден жоғарылады
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Қытай юаны да біршама қымбаттады. Айырбас нүктелерінде оның бағамы 58,89 теңгені құрады.

Елдегі айырбас орындарындағы доллар 413 теңгеден 414,7 теңгеге дейін саудаланады. Мұндай деректерді Kurs.kz сайты жариялады.

Еуро бағасы 467-ден 468,5 теңгеге дейін жетеді. Ал айырбас нүктелеріндегі рубль 5,83 теңге тұрады.

Жақында Нурфин тілшілері интернет-айырбастағыштардың танымалдыққа ие болып келе жатқанын айтты. Карантин мен жаһандық пандемияның әсерінен онлайн желілер үстем бола бастағаны айтылды. Бұл валюта бағамына да әсер еткен.

Еске салайық, осы айдың басында сарапшылар теңге бағамының төмендейтінін болжаған болатын. Экономистер ұлттық валютаның мұнай бағасына тәуелділігін атап өтті, шілдеде мұнай нарығындағы бағалар ОПЕК елдерінің мұнай өндірісін төмендету бойынша міндеттемелерін орындау және әлемдік эпиджағдай секілді бірнеше факторларға байланысты болады.

Жақында әлемдік сарапшылар мұнайдың бір баррелінің бағасы 150 долларға дейін түсуі мүмкін деп болжады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1864297-dollar-bagamy-narykta-412-tegeden-zogarylady/

pixel