RU

"Тәсілдерді өзгерте береміз": Тоқаев коронавируспен күрестегі қателіктерді атады

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді. Бейнеконференция режимінде ұйымдастырылған жиында мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығы коронавируспен күресте тиісті деңгейде әзірлене алмағанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Болжамдары қате болды": Тоқаев коронавируспен күресте үкімет жұмысын сынға алды
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Үкіметтің және әкімдердің қабылданған шараларды түсіндіруінде олқылықтар бар. Олардың қоғам пікірімен тиісті деңгейде жұмыс істей алмай отырғаны байқалды.

Бас санитар дәрігердің пікіріне ешкім құлақ асқан жоқ. Кәсіби дағды мен ұйымдастыру жұмысы жеткіліксіз болды. Нәтижесінде біз гуманитарлық көмек алып, шетелдік мамандарға кеңестері үшін алғыс айтып отырмыз.

Тағы бір кемшілік. Біз жұмыстың тәсілдерін үнемі өзгерте береміз. Бұрынғы басшылық аяқ астынан науқастарды симптомды және симптомсыз деп бөлу керек деп шешті. Қазір бұл әдістемеден бас тарттық. Міне осындай әрекеттер халық арасында күмән туғызады.
Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығы уақыттың жеткілікті болғанына қарамастан, індетпен күреске тиісті деңгейде әзірлене алмады. Науқастар саны және басқа да көрсеткіштер бойынша олардың жасаған барлық болжамдары қате болды", - деді ол өз сөзінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1864309-tsilderdi-zgerte-beremiz-tokaev-koronaviruspen-krestegi-katelikterdi-atady/