RU

Президент: Министрлер мен әкімдерге демалыс жоқ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеконференция режимінде ұйымдастырылған жиында үкіметтің жазғы демалыс туралы ұмытып, төтенше жағдаймен барынша күресу керек екенін алға тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Демалыс деген сөзді ұмытыңыздар": Тоқаев үкіметтің жазғы демалысқа шықпайтынын айтты
Фото: Ақорда: Instagram
"Жаздың жартысы өтіп кетті. Төтенше жағдай болғандықтан министрлер, әкімдер, президент әкімшілігінің қызметкерлеріне демалыс жоқ. Жазғы демалыс деген сөзді ұмытыңыздар", - деді Тоқаев өз сөзінде.

Естеріңізге сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында денсаулық сақтау министрлігінің жұмысын сынға алды.

Ол құзырлы органның басқару ісінде бірқатар өрескел қателік жібергенін айтты.

Оған қоса, президент індетпен күресте әкімдер де тиісті деңгейде жұмыс атқармағанын жеткізді.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығы коронавируспен күресте тиісті деңгейде әзірлене алмағанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1864324-tokaev-ministrler-men-kimderge-demalys-zok/