RU

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халықтан ештеңені жасырмауымыз керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес мәселелері бойынша отырыста Үкімет пен әкімдерге бірқатар тапсырма берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Depositphotos

Отырыс барысында азаматтарды тестілеу мәселелері туралы сөз қозғалды. Қазір күніне 32 мың адамға дейін тест жүргізу деңгейіне қол жеткізілген. Алайда аймақтар арасында көрсеткіштер алшақтығы бар.

"Анықталу деңгейінің төмендігі - жергілікті жерде зертханаларды орналастырудың тиімсіз жұмысының салдары. Мұны тіпті шынайы жағдайды жасыру деп бағалауға болады. Үкіметке аймақтар арасындағы тестілеу деңгейінің теңестіру жағын қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырамын. Біз ештеңені жасырмауымыз керек", - деді Тоқаев.

Хабарланып отырғандай, вирус жұқтырған азаматтарға арналған төсек орын санының артқаны байқалады. Алайда бұл басқа медициналық орталықтардың жабылуы есебінен болып отыр. Осының салдарынан азаматтардың медициналық көмекке қол жетімділігі айтарлықтай төмендеп кеткен.

Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдерге созылмалы аурулары бар адамдарға, сондай-ақ жүкті әйелдерге жоспарлы медициналық көмек көрсетуді кезең-кезеңімен қалпына келтіруді тапсырды.

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралу ахуалы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1865563-tokaev-halyktan-esteeni-zasyrmauymyz-kerek/