Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қиын кезең": Бағдат Мусин өзінің жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірінші вице-министрі болып тағайындалған Бағдат Мусин жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Халықтың игілігі үшін жұмыс істеймін": Бағдат Мусин өзінің жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді
Фото: instagram.com/bagdatmussin: Facebook
"Қиын кезең. Цифрландырудың маңызы зор екені барлығымызға мәлім. Барынша күш жігерімді салуға тырысамын. Сіздердің ұсыныстарыңыз болса, қабылдауға ризамын!", – деп жазды Мусин Facebook-тегі парақшасында.

Ол сонымен қатар Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бұрынғы министрі Асқар Жұмағалиевке алғысын айтты.

"Мен ұзақ жылдар оның қол астында жұмыс істедім. Оның басшылығымен байланыс және IT саласы сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Мен одан көп нәрсе үйрендім.

"Халықтың игілігі үшін жұмыс істеймін.

Мен Қазақстанның IT қауымдастығы және елдің барлық мүдделі азаматтары жәрдемдеседі деген үміттенемін. Премьер-министр бірінші кезекте назар аудару қажет басымдықтарды айтты. Ұятқа қалдырмауға тырысамын", – дейді вице-министр.

Еске сала кетсек, күні кеше Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірінші вице-министрі болып тағайындалған болатын. Оны ұжымға үкімет басшысы Асқар Мамин таныстырды.

Мусин қызметінен босатылған экс-министр Асқар Жұмағалиевтің қызметін атқаратын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1865875-kiyn-keze-bagdat-musin-zini-zaa-kyzmetine-katysty-pikir-bildirdi/

pixel