RU

Тоқаев: Азаматтардың табиғи демалыс орындарындағы жаппай мәдениетсіздігі тоқтамай тұр

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарының табиғи демалыс орындарындағы жаппай мәдениетсіздігі тоқтамай тұрғанын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Depositphotos

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Азаматтардың табиғи демалыс орындарындағы жаппай мәдениетсіздігі тоқтамай тұр. Отандастарымыздың ерекше қызғылт түсті "Көбейтұз" көліне келтірілген орасан зор зиянға қатысты алаңдаушылығы орынды.

Бұл жағымсыз әрекеттер өскелең ұрпаққа жүргізілетін экологиялық ағарту жұмыстарының түйткілдерін ашып берді. Білім, Экология, Ақпарат министрліктері бұл мәселені жұмыстарының басым бағыты ретінде қарастыруы керек", - деді ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, азаматтардың көп келуіне байланысты Көбейтұз көлін кешеден бастап үш мобильді полиция бекеті қорғайтынын хабарлағанбыз. Тәртіп сақшылары аумаққа кіріп-шыққандардың барлығын қадағалап отырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1866054-tokaev-azamattardy-tabigi-demalys-oryndaryndagy-zappaj-mdenietsizdigi-toktamaj-tr/