Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақмыс қызметкерлеріне бір жолғы төлем ақы тағайындады

Опубликовано:

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың және Қазақстан Республикасының Президенті К-Ж. К. Тоқаевтың ұзақ пандемия кезеңіндегі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы өтініштерін қолдау мақсатында және қызметкерлерге материалдық қолдау көрсету мақсатында "KazakhmysHolding (Қазақмыс Холдинг)" ЖШС директорлар Кеңесі, еңбек ақысы келісім-шарт бойынша жүргізілетін қызметкерлерді қоспағанда, қызметкерлердің барлық санаттарына 100 мың теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындау туралы шешім қабылдады.

Қазақмыс қызметкерлеріне бір жолғы төлем ақы тағайындады
Фото: «Kazakhmys Holding (Казахмыс Холдинг)» ЖШС: Facebook

Компанияның бұл бастамасы қызметкерлерді әлеуметтік және материалдық жағынан қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралардың жалғасы болып табылады, соның ішінде 2020 жылдың сәуір айынан бастап ең төменгі жалақының 140 мың теңгеге дейін арттыруды атап өтуге болады.

КВИ ауруына байланысты медициналық мекемелерде емделіп жатқан қызметкерлерге ақы төлеу еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша (еңбекке жарамсыздық парағы) сәйкес қосымша 2020 жылдың мамыр айынан бері еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңіне қызметкердің орташа жалақысы мөлшерінде төлем жасалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1866330-kazakmys-kyzmetkerlerine-bir-zolgy-tlem-aky-tagajyndady/

pixel