Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі өзгерді

Опубликовано:

Қазақстанда мемлекеттік қызметке орналасу бойынша конкурс енді екі кезеңнен тұрады. 2020 жылдың 17 шілдесінен бастап мемлекеттік қызметкерлер арасындағы ішкі конкурс жалпы конкурспен біріктірілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда мемлекеттік қызметке орналасу үшін байқау тәртібі өзгерді
Көрнекі фото: is.rovno.ua: UGC

Бұрын мемлекеттік қызметтегі лауазымды иелену үшін үш конкурстан өту керек болатын: ведомстволардағы қызметкерлер арасындағы ішкі конкурс, мемлекеттік қызметкерлер арасындағы жалпы конкурс және Қазақстан бойынша жалпы конкурс.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа жүйе қолайлы механизм болып табылады, ол мемлекеттік құрылымдардағы бос орындарды тез толтыруға, керек кадрларды таңдауға мүмкіндік береді.

Мәселен, бұрын үш конкурстық жүйеге сәйкес, бос лауазымдарға орналасуға шамамен 50 жұмыс күні қажет болатын. Енді жаңа жүйеге сәйкес, бұл көрсеткішті үш есе, яғни 15 күнге дейін қысқартылып отыр.

Сонымен қатар, жаңа әдіс нақты стратегиялық мақсаттар бойынша кадрлық шешімдер қабылдауда ведомстволық ұтқырлықты арттырып, сонымен қатар жеке сектордың мамандарына көбірек мүмкіндіктер бермек.

Өзгерістер мемлекеттік қызметкерлердің жалпы конкурсқа қатысу тәртібіне де қатысты болып отыр, енді жалпы конкурс қатысу үшін тестілеуден өту қажет емес.

Еске салсақ, мемлекеттік қызметке үміткерлер енді қазақ тілінен жетілдірілген тест тапсыратынын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1867097-kazakstanda-memlekettik-kyzmetke-ornalasudy-bajkau-trtibi-zgerdi/

pixel