Теміртау қаласының әкімі жақында қызметінен кететінін хабарлады

Опубликовано:

Ғалым
Фото: Facebook/Ғалым Әшімов

Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов жақында қызметінен кететінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Әшімов Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында өткен тікелей эфир кезінде не үшін қызметінен кететінін түсіндірді.

"Өздеріңізге белгілі, біз мемлекеттік қызметкерлерміз. Мен бұл қалада бес жыл жұмыс істедім. Ротация сияқты түсінік бар.​ Ия, мен бұл қалада тағы екі күн жұмыс істеуім керек. Мен облыстық басқармаға басшы болып, Қарағандыға ауысамын", - деді Теміртау қаласының әкімі.

Әшімов Қарағандыда қандай басқарманы басқаратынын нақты айтпаған. Теміртаулықтардың жаңа әкім кім болатыны туралы сұрағына Әшімов кандидатураның бекітілгенін айтты. Алайда жаңа әкімнің есімі аталмады

"Менің әріптесім басқа қаладан келеді. Өте білікті адам. Бізге қайда жұмыс істеуге бұйрық беріледі, біз сонда барамыз. Мен мұны шешпеймін, басшылық шешеді. Ротация уақыты келді", - деді Ғалым Әшімов.

Айта кетейік, Ғалым Әбіханұлы Әшімов 1968 жылы 24 тамызда Қарағанды облысының Қаражал қаласында туған. Ол Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің өндірісті ұйымдастыру факультетін бітірген. Мамандығы экономист.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарлары Ербол Садыр мен Алмасбек Мамытбеков қызметтерінен босатылғанын хабарлаған едік.

Кейін Мұрат Әйтеновтің бірінші орынбасары болып "Болашақ" бағдарламасы бойынша Гарвард университетін тәмамдаған Шыңғыс Мұқан, тағы бір орынбасары болып Президенттік кадр резервінің өкілі тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1869090-temirtau-kalasyny-kimi-zakynda-kyzmetinen-ketetinin-habarlady/