Лукашенко Минскіде ереуілге шыққан зауыт жұмысшыларына тікұшақпен барды
Опубликовано:

Александр Лукашенко Минск дөңгелекті трактор зауытына келді. Зауыт жұмысшылары жаппай ереуілге шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Александр Лукашенко зауытқа тікұшақпен келген деп жазады TUT.by Telegram арнасы.
Қазіргі уақытта ел бойынша барлық зауыт жұмысшылары ереуілге шығуда. Беларусь астанасында орналасқан басқа да зауыттардың жұмысшылары Минск дөңгелекті трактор зауытына жиналып жатыр.
Ірі зауыттар, кен орындарының қызметкерлері мен медицина мамандары жұмыстарын тастап, ел бойынша өтіп жатқан ереуілдерге қатысуда.
NEXTA Live Telegram арнасының жазуынша, шеруге Белкард, Беларуськалий, В.И.Козлов атындағы Минкс электротехникалық зауыты мен Минск дөңгелекті трактор зауытының жұмысшылары қатысқан. Сондай-ақ ереуілшілерге "Кардиология" республикалық ғылыми-практикалық орталығының дәрігерлері, РемМонтажСтрой және Калийспецтранс шахтерлері қосылған.
Сонымен бірге жергілікті телеарна "Наше утро" бағдарламасын көрсетуді тоқтатқан. Оның орнына ескі бағдарламалар көрсетілуде.
Еске сала кетсек, 9 тамызда Беларусьта президенттік сайлау өтті.
Сайлау нәтижесімен келіспеушілер жаппай наразылық акцияларына шыға бастаған. Минск көшелеріне ел тұрғындары жиналып, тәртіп сақшылары мен жергілікті халық арасында қақтығыс орын алды.
Сондай-ақ 15 тамызда жоғары лауазымды шенеуніктер мен Лукашенконың қатысуымен арнайы жиын өткен.
Жиналыс кезінде Лукашенко Беларусьтегі митингтерге сыртқы күштердің әсер еткенін айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1869808-lukasenko-minskide-ereuilge-sykkan-zauyt-zmyssylaryna-tiksakpen-bardy/