Ереуілді жалғастырыңыздар: Светлана Тихановская Беларусь халқына үндеу жасады
Опубликовано:

Беларусь президенттігіне бұрынғы үміткер Светлана Тихановская елдегі ірі кәсіпорындардың жұмысшыларын ереуілдерге әрі қарай шыға беруге шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Тихановская бүгін таңертең белоруссиялықтарға жаңа үндеуін жасады.
"Менің қымбатты белорустарым, "Беларуськалий", "Гродноазот", Минск трактор зауыты және басқа да кәсіпорындардың жұмысшылары, сіздер - жаңа, азат Беларусьтің нышанысыздар...
Бірігетін уақыт келді. Қазір Белоруссияның болашағы және біздің балаларымыздың болашағы сіздердің бірліктеріңіз бен сіздердің шешім қабылдауларыңызға байланысты.
Сол себепті мен сіздерден өтінемін, ереуілдерді жалғастырып, кеңейте түсіңіздер. Қорқытқандарына алданбаңыздар, бірігіңіздер!", - деді Тихановская.
Светлана Тихановскаяның айтуынша, наразылық акциялары мен ереуілдердің мақсаты зорлық-зомбылықты тоқтатып, саяси тұтқындарды босату, сондай-ақ "жаңа, азат әрі әділ сайлау" өткізу.
Айта кетейік, Беларусьта 9 тамызда президенттік сайлау өтті. Сайлау нәтижесінде Александр Лукашенко 80,1% дауыспен жеңіске жеткен.
Алайда Орталық сайлау комиссиясы жариялаған қортындымен келіспеген халық жаппай наразылық акцияларына шыға бастады. Тіпті тәрті сақшылары мен тұрғындар арасында қақтығыс орын алды.
Сондай-ақ, белоруссиялық спортшылар 9 тамызда өткен президент сайлауы заңсыз деп танылмаса ұлттық құрамадан кетеміз деп Лукашенконы қорқытты.
Ашық хатқа 110 адам қол қойған. Олардың арасында танымал спортшылар да бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1870552-ereuildi-zalgastyryyzdar-svetlana-tihanovskaa-belarus-halkyna-ndeu-zasady/