Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Күзгі әскерге шақыру» науқаны басталады

Опубликовано:

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Апта басында өткен аппараттық кеңесте қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев министрліктегі кадрлық өзгерістер туралы хабарлап, ҚР Қорғаныс министрлігі Қару-жарақты бақылау және инспекцияларды қамтамасыз ету орталығының бастығы болып тағайындалған полковник Әділ Бековты таныстырды.

Осыған дейін Аумақтық қорғаныс департаменті бастығының міндетін атқарған полковник Ризат Қолпашев және РХБ қорғаныс және экологиялық қауіпсіздік департаменті бастығының лауазымын атқарған подполковник Ержан Құлмағамбетов осы қызметтерге бекітілді.

Кеңес барысында ҚР Президенті – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы тапсырмаларын орындау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері қаралды.

«Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтарға жол бермеу аясында барлық тәртіп бұзушылардың тікелей басшылары әскери атақтары мен бұрынғы еңбектеріне қарамастан жауапқа тартылады. Халықтың әскерге деген сенімі мен елді қорғауға деген риясыз қабілетіне нұқсан келтірмеу үшін Қарулы Күштер қатары құқық бұзушылықтардан таза болуы керек», - деді Нұрлан Ермекбаев.

Қазіргі таңда Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша статистиканың өсуі байқалады. Бұл осы саладағы қылмыстың өсуіне ғана байланысты емес, сондай-ақ, анықтау процесіне байланысты көзқарастың өзгеруіне қатысты болып отыр. Ағымдағы жылдың ақпан айында қол қойылған меморандум негізінде уәкілетті органмен ақпарат алмасу жүзеге асырылады. Жаңа тәсілдерді қолдана отырып, алдын алу шараларын қабылдап, осы бағыттағы талдамалық жұмысты күшейтуге баса назар аударылады.

Күн тәртібіндегі басты тармақтардың бірі Қарулы Күштердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай мәселесі болды. Карантиндік шаралардың қатаң сақталуының арқасында жеке құрамның коронавирустық инфекциямен сырқаттану жағдайларының қысқаруына қол жеткізілді

Аппараттық кеңес барысында әскер түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары ҚР Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігінің жай-күйі туралы жедел ақпарат берді.

Сондай-ақ, Қарулы күштерде қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Әскер қатарына жаңадан қабылданғандармен жұмыс істейтін лауазымды адамдардан тұратын әкімшілік бөлімшелердегі оқу процесін жоғары деңгейде қамтамасыз ету үшін қабілетті, даярланған офицерлер мен келісімшарт бойынша сержанттар тағайындалуы тиіс.

Азаматтарды мерзімді қызметке шақыру жөніндегі барлық іс-шаралар санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып ұйымдастырылмақ.

Министр жас буынды шақыру басталғанға дейін казармалық-тұрғын үй қорын, монша, кір жуу комбинаттарын, асханалар мен оқу-материалдық базаны қалыпқа келтіруді тапсырды.

Әскери қалашықтарға жағдай жасау, әскери қызметшілердің өмірі мен тұрмысын ұйымдастыру, казармалық қорды жөндеу сынды әлеуметтік мәселелерді шешу Қорғаныс министрінің ерекше бақылауында.

Осыған байланысты қорғаныс ведомствосының басшысы Қарағанды қаласының әскери бөлімдерінің бірінде сарбаздар асханасын жөндеу мерзімін сақтамағаны үшін Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасының бастығын қатаң сынға алды. Мәселе қызмет көрсетудің субъектісімен шартты бұзу процесінде болып отыр. Нұрлан Ермекбаев асхананы жөндеу мәселесін қысқа мерзімде шешуді талап етті.

Өткен аптада Қарулы Күштер қатарын кәсіби кадрлармен толықтыру мәселесін жалғастыру үшін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әскери оқу орындарына іріктеу жүргізілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында Ақтөбе қаласының әуежайы маңындағы аудан тұрғындарынан тікұшақтардың елді мекендерге жақын жерден ұшатындығы туралы шағымы жарияланды.

Мамандар жүргізген талдау бойынша бағыттар заңнама талаптарына сәйкес әзірленгенін және әуежай жанында қалатынын, сонымен қатар, өзгертілмейтіндігін көрсетті. Шекті биіктіктерде ұшуларды орындау қаладан 70-80 километр қашықтықта орналасқан аймақтарда жүзеге асырылады. Айта кету керек, онда елді-мекендер жоқ, құрылыстар азаматтық авиация комитетінің рұқсатынсыз және келісімінсіз салынған.

Ведомство басшысы Бас штаб пен Әскери полиция бас басқармасының бастығына құрамаларды, әскери бөлімдер мен мекемелерді тәуліктік нарядта қызмет атқару сапасына, кезекшілердің қырағылығы мен штаттан тыс (дағдарыстық) жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдарға дайындығына мән беруге, диверсия мен терроризмге қарсы қорғанысты ұйымдастыруға ерекше назар аудару мәселелері бойынша іріктеп тексерулерді қолға алуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1871249-kzgi-skerge-sakyru-naukany-bastalady/

pixel