Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жарияланады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев1
Фото: Ақорда

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 1 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауын жасайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі жеке парақшасында мәлімдеген еді.

Оның сөзінше, жолдауды барлық республикалық телеарналар тікелей эфир арқылы көрсетеді. Сондай-ақ, негізгі радиостанциялар тікелей толқында таратады.

"Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады", - деді Уәли.

Айта кетейік, мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойған болатын. Отырыс 1 қыркүйекте сағат 11-де өтеді. 

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Семей ядролық полигонының жабылған күніне байланысты үндеу жолдаған еді.

Президент Біріккен Ұлттар Ұйымының қаулысымен 29 тамыз Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жарияланды.

Оған қоса, 27 тамыз күні мемлекет басшысы "Nur Otan" партиясының төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен болатын.

Елбасы өкілінің жазуынша, партия көшбасшысы мен Қасым-Жомарт Тоқаев 28 тамызда өтетін саяси кеңес бюросының отырысында көтерілетін күн тәртібіндегі мәселелер туралы сөз қозғаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1871889-bgin-tokaev-kazakstan-halkyna-ndeu-zasajdy/

pixel