Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент: Күрделі жағдайда бей-жай қалмаған азаматтарға алғыс айтамын

Опубликовано:

Тоқаев
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерге, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне және еріктілерге алғыс айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

"Парламенттің кезекті сессиясының жұмысы өте күрделі кезеңде басталып отыр. Елімізде жер жаһанда зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардң өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды. Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты.
Өзгеге қол ұшын созып, тілеулес болып, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды. Дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және осындай жағдайда бей-жай қалмаған барлық азаматқа шын жүректен алғыс айтамын. Сіздер айрықша табандылықтың және зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер", - деді Қазақстан президенті.

Мемлекет басшысының сөзінше, бұл - Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісі.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы басталғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1871945-prezident-krdeli-zagdajda-bej-zaj-kalmagan-barlyk-azamatka-algys-ajtamyn/

pixel