Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа агенттік құруды тапсырды

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құруды тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

"Мен стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құруға шешім қабылдадым. Осы орган тікелей президентке бағынады. Бұрын ондай мемлекеттік орган болған және өзіне жүктелген міндеттерді ойдағыдай орындаған. Енді, ол барлық мемлекеттік жоспарлау жүйесінің орталық органы болады", - деді мемлекет басшысы.

Тоқаевтың сөзінше, жаңа мемлекеттік органның барлық реформасы нақты болуы керек.

"Реформалар жөніндегі жоғарғы президенттік кеңес құрылып отыр. Ал ахуалды тиімді бағалау үшін агенттіктің құрамына статистика комитеті ауыстырылады", - деді ел президенті.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы басталғанын жазған болатынбыз.

Мемлекет басшысы жолдауы кезінде дәрігерлерге, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне және еріктілерге алғыс айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1871948-kasym-zomart-tokaev-zaa-agenttik-krudy-tapsyrdy/

pixel