Тоқаев бірқатар елдегі елшілерді қызметінен босатып, жаңа елшілерді тағайындады

Опубликовано:

Елші1
Көрнекі фото: piqsels.com

Мемлекет басшысының жарлығымен бірнеше елдегі елшілер қызметінен босатылып, жаңа елшілер тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Президент жарылығымен Арман Қайратұлы Исағалиев Қазақстан Республикасының Қатар мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдивтер Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Венгриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жәнібек Жарасқан-ұлы Әбдрашов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Сонымен қатар Асқар Жеңісұлы Шоқыбаев Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен;

Дәулет Тазабекұлы Ембердиев Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Еске салсақ, бұған дейін Бағдат Мусиннің цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалғанын хабарлаған едік.

Оған қоса, парламенттің жоғарғы палатасының депутаты Нұрлан Әбдіров сенат төрағасының орынбасары болып сайланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1872176-tokaev-birkatar-eldegi-elsilerdi-kyzmetinen-bosatyp-zaa-elsilerdi-tagajyndady/

jitsu gif