Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәулен Әшімбаев қос палаталы Парламенттің қажеттілігі туралы айтты

Опубликовано:

Хабар 24» телеарнасының бейнежазбасынан скриншот
Фото: Хабар 24» телеарнасының бейнежазбасынан скриншот

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қос палаталы заң шығару органының қажеттігі назар аударып, партиялық мүдделер мен өңірлердің өкілеттігі Парламентте теңесетінін айтты.

«Хабар 24» телеарнасының эфирінде Сенат Төрағасына қос палаталы Парламентті сақтау қажеттігі және Жоғарғы Палатаға сайлау тетіктерінің маңызы туралы сұрақ қойылды. Мәулен Әшімбаев саяси жүйені дамыту және сапалы заңдар қабылдау, мемлекеттің стратегиялық мүдделерін қорғау, сондай-ақ заң шығару үдерісінде барлық әлеуметтік топтар мен аймақтардың пікірлерін ескеру тұрғысында қазіргі қолданыстағы жүйе мейлінше дұрыс екенін айтты. Төраға екі Палатаның құрамы қалай құрылатынын түсіндіріп, Сенатта партиялық және аймақтық мүдделер теңелетінін атап өтті.

«Мәжіліс – бұл саяси партиялар қатысатын сайлау қорытындысы бойынша құрылатын палата. Партиялар өз тізімдерін идеологиялық көзқарастарға, саяси мақсаттар мен бағдарламаларға сәйкес түзеді. Сенатқа өңірлердің өкілдері сайланады. Бұл жерде депутаттардың үштен екісі өңірлердің өкілдері болып табылады. Сенатқа мәслихаттар арқылы біздің барлық облыстарымыздың, астанамыздың, Алматы, Шымкент қалаларының өкілдері сайланады. Олар, ең алдымен, өз аймағынан өкілдік етеді, сол аймақтың мүдделері туралы айтады. Осылайша, Парламентте партиялық мүдделер мен өңірлік уәкілдік теңеседі», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат Төрағасы Мәжіліс пен Сенаттың заң жобаларын қарау кезінде саяси партиялардың да, өңірлердің де мүдделері ескерілетінін, сондықтан заңдар мұқият пысықталып, сапасы арта түсетінін айтты. Қос палаталы парламенттер бүгінде тек Қазақстанда ғана емес және тек федеративті мемлекеттерде емес, баршаға ортақ болып отыр. Екі палаталы парламенттер Францияда, Польшада, Чехияда және басқа унитарлы мемлекеттерде жұмыс істейді. Сенат депутаттарын мәслихаттар арқылы сайлауға келетін болсақ, Мәулен Әшімбаев оларды заңды деп атады. Ол сондай-ақ бірқатар дамыған демократиялық елдерде тіпті мемлекет басшылары жанама сайлау құқығы арқылы сайланатынын еске салды.

Мәулен Әшімбаев
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі
«Бізде кей кезде кейбір сәттерді сынға алып жатады. Дегенмен, демократиялық процестер тұрғысынан үлгі ретінде АҚШ-ты қарастыруды әдетке айналдырып алғанымыз белгілі. Бүгінде АҚШ Президентін сайлаушылар сайлайды. Әр штатта сайлаушылардың белгілі бір саны бар және олар штат халқының пікірін ескере отырып, Президент үшін дауыс береді», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар, Сенат Төрағасы Парламент депутаттарының жаңа сессия барысында не істейтіні туралы да айтып берді.

«Ең алдымен, біздің міндетіміз – тиісті құқықтық базаны қамтамасыз ету, Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған барлық межелер мен ұсыныстарды іске асыру үшін қажетті заңдар қабылдау. Жолдау – кешенді әрі жүйелі құжат. Онда біздің мемлекетіміздің тыныс-тіршілігінің көптеген салалары қамтылған және әрбір сала бойынша аса маңызды заңдарды қабылдау қажет», – деді Мәулен Әшімбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1872681-mulen-simbaev-kos-palataly-parlamentti-kazettiligi-turaly-ajtty/

pixel