Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Шығыс Қазақстанға не үшін баратынын айтты

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев қазан айында жұмыс сапарымен Шығыс Қазақcтан облысында барады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы Қазақстан президенті Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Кеше Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов Абайдың 175 жылдығы аясында атқарылған жұмыстар жайында баяндады. Семейдегі Абайдың мұражай кешені, ақынның туған және өмір сүрген жеріндегі нысандардың барлығы толықтай жаңғыртылды. Облысқа қазан айында жұмыс сапарымен барып, нысандарды аралап көремін", - деді Қасым Жомарт Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті қабылдағанын жазған болатынбыз.

Қазақстан президентіне Шығыс Қазақстан облысының экономикалық ахуалы жайында есеп беріліп, аймақтың қысқа мерзімді және келер жылға арналған даму жоспары, оның ішінде, өнеркәсіп өнімдері, ауылшаруашылығы, өндіріс салалары бойынша атқарылатын жұмыстар жөнінде баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың медициналық әлеуетін арттырып, коронавирус індетінің екінші толқынына дайын болу керектігін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1872796-tokaev-sygys-kazakstanga-ne-sin-baratynyn-ajtty/

pixel