RU

Сағынтаев Тоқаевқа Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бақытжан Сағынтаев1
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады деп жазады KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында президентке Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайы және коронавирус індетінің болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстары туралы баяндалды.

Сонымен қатар мемлекет басшысына қала тұрғындарын жұмыспен қамту және "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету туралы ақпарат берілді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттемелердің толық әрі бұлжытпай орындалуы керек екенін атап өтті.

Кездесу қортындысы бойынша мемлекет басшысы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға баса мән беруді тапсырды.

Айта кетейік, бұған дейін президенттің Төтенше жағдайлар министрлігін құру туралы қаулысы шыққанын хабарлаған едік.

Сонымен қатар мемлекет басшысы екі жаңа агенттік құру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.

Сондай-ақ Бақытжан Сағынтаев самокат пен велосипед айдайтын алматылықтарды жол ережелерін сақтауға шақырған болатын.

Олай болмаған жағдайда тәртіп бұзушылар "Сергек" камерасы арқылы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1873452-sagyntaev-tokaevka-almatydagy-epidemiologialyk-zagdajdy-baandady/