Есихидэ Суга Жапонияның жаңа премьер-министрі болып тағайындалды
Опубликовано:

Жапонияда дауыс беру нәтижесінде елдің жаңа премьер-министрі болып Есихидэ Суга тағайындалды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
РИА Новостидің жазуынша, Есихидэ Суга Жапонияның жаңа премьер-министрі болып тағайындалған.
Дауыс беру кезінен тікелей эфир жүргізіліп, парламенттің төменгі палатасының сайтында трансляцияланған. Сугаға 314 депутат дауыс берген.
Өкілдер палатасы сәрсенбіде кезектен тыс сессияға жиналып, үкіметті басқаратын премьер-министрді сайлады.
Айта кетсек, бүгін Жапонияның қос палатасы да жаңа премьер-министрді сайлайтын болғандықтан министрлер кабинетінің толық құрамда отставкаға өтініш бергені белгілі болды. Ал сайланған премьер-министр министрлік басшыларын жаңадан тағайындайды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Жапония премьер-министрі Синздо Абэнің денсаулығына байланысты отставкаға кететіні хабарланған еді.
Жапония телеарнасы хабарлағандай, Абэ 24 тамыз күні өткен аптада тапсырған сараптама нәтижелерін алу үшін Токио ауруханасына барған.
HNK ақпарынша, премьер-министрде қатты ауырсынумен бірге жүретін созылмалы аурудың өршуі байқалған. Ол сырқаты "саяси шешімдер қабылдауға" әсер етпес үшін өз лауазымынан кетуді шешкен.
Сондай-ақ, Жапония үкіметі Олимпиада ойындары үшін COVID-19-ға қарсы вакцинаның жарты миллиард данасын сатып алмақ ниетте екенін жазған едік. Бұл елдің әрбір тұрғынына төрт вакцинадан келеді деген сөз
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1874523-esihide-suga-zaponiany-zaa-premer-ministri-bolyp-tagajyndaldy/