Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қапшағай гарнизонының десантшылары дабыл бойынша көтерілді

Опубликовано:

Қорғаныс министрлігі
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Десанттық-шабуылдау бригадасының әскери қызметшілері «Алдаспан-2020» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде дабыл бойынша көтерілді.

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімшелері тұрақты орналасу пункттерінен оқу-жаттығулар өтетін «Мәтібұлақ» полигонына қарай беттеді. Әскерлерді аталған ауданға көшіру аралас тәсілмен жүзеге асырылды.

Қорғаныс министрлігі
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Негізгі кезеңдер барысында Қапшағай гарнизоны десанттық-шабуылдау бригадасының әскери қызметшілері тактикалық әуе десантының элементтерін парашютпен және қону тәсілімен көрсетуі тиіс. Десантшы жауынгерлер содырлардың базалық ауданын оқшаулауды, олардың тірек пункттерін жоюды орындайды, және де елді мекенге шабуыл жасап, тазартуды жүзеге асырады.

Қорғаныс министрлігі
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

«Алдаспан-2020» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары әскерлердің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес өткізілуде. Оқу-жаттығуға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының, Десанттық-шабуылдау әскерлері мен Әскери-әуе күштерінің басқару органдары мен әскери бөлімдері қатысуда.

Оқу-жаттығу барысында қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесі қолданылады, сондай-ақ танк бөлімшелері мен армиялық авиация күштерін қолданудың жаңа нысандары мен әдістері пайдаланылатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1874719-kapsagaj-garnizonyny-desantsylary-dabyl-bojynsa-kterildi/

pixel