Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келді (видео)

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді деп хабарлайды Kaz.nur.kz.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Сапар барысында Қазақстан президенті қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа филиалымен танысады және медицина қызметкерлерімен әңгімелеседі. Сонымен қатар білім беру орталығын, индустриялық және инфрақұрылымдық нысандарды аралап көреді деп жоспарланған.

Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда қоғам қайраткерлерімен және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесу өткізеді", - деді ол.

Еске салсақ, Нью-Йоркте өтіп жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 75-сессиясы барысында ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеме жасаған болатын.

Сондай-ақ, Қазақстан президентінің "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы" жарлығының жобасы ашық талқылауға жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1876231-tokaev-zmys-sarapymen-almaty-kalasyna-keldi-video/

pixel