Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қанша жалақы алады

Опубликовано:

әкім
Фото: kostanay.gov.kz

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің қанша жалақы алатынын айтты. "Antikor live" жобасы аясында сөйлеген сөзінің видеосы өңір басшысының ресми парақшасында пайда болды деп хабарлайды Kaz.nur.kz Alau.kz порталына сілтеме жасап.

Архимед Мұхамбетов өзінің ай сайын қанша жалақы алатын айтқан. Оның сөзінше, әкімнің еңбек ақысы 766 мың теңге.

Сонымен бірге, Мұхамбетов өңірде мемлекеттік қызметкерлер арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Ол егер қарамағындағы адамға қатысты жемқорлық ісінің үкімі күшіне енсе, онда қазір заң бойынша жетекшілердің отставкаға кетуі керек екенін еске салды.

"Өкінішке қарай, биыл шенеуніктер тарапынан жоғары басшылардың отставкаға кетуін талап ететін бірқатар сыбайлас жемқорлық фактілері орын алды. Бұл санатқа мемлекеттік органдардың басшылары да, облыс әкімдері де кіреді", деді облыс басшысы.

Еске сала кетсек, Архимед Мұхамбетов өткен жылы желтоқсан айында қолына 762 мың теңге тиетінін айтқан болатын.

Нұр-Сұлтанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Архимед Мұхамбетов ай сайын 762 мың теңге алатынын мәлімдеген.

Әкім қаражатын барлық адамдар сияқты азық-түлікке, жарық пен судың төлеміне жұмсайды.

Айта кетсек, бұған дейін СҚО әкімі Құмар Ақсақалов та айына қанша жалақы алатынын жариялаған еді. Оның табысы 766 мың теңге.

Сондай-ақ, Алматы қаласының басшысы Бақытжан Сағынтаев та табыс мөлшерін жариялап, қолына 850 мың теңге алатынын айтқан болатын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1876285-kostanaj-oblysyny-kimi-arhimed-mhambetov-kansa-zalaky-alady/

pixel