Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Зеленскийге көңіл айту жеделхатын жолдады

Опубликовано:

Тоқаев жеделхат
Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскийге көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан президенті Украинаның Харьков облысында ұшақ апаты салдарынан украиндық әскерилердің қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болған курсанттардың туған-туысқандарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларымен қауышуына тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.

Айта кетейік, бұған дейін Украинадағы әскери ұшақ апатынан қаза тапқандардың саны 25 адамға жеткенін хабарлаған болатынбыз.

Укринформ басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, 25 қыркүйекте сағат 20.50-де Чугуев қаласының маңында әскери әуежайдан шамамен екі шақырым қашықтықта Украина ҚК Ан-26 ұшағы құлап, өртенген.

Бортта 7 экипаж мүшесі және Кожедуб атындағы әуе күштері университетінің 20 курсанты, барлығы 27 адам болғаны анықталды.

2 адам ауыр халде жатыр. Олар медициналық мекемелерге жеткізілді. Ал Украина президенті Владимир Зеленский қайғылы оқиға болған жерге баратынын және жағдайдың мән-жайы анықталу үшін шұғыл түрде комиссия құрылатынын хабарлады.

Сондай-ақ кеше түнде Ақмола облысында белгілі кәсіпкер Владимир Свидерскийдің жол апатынан қайтыс болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1876429-tokaev-zelenskijge-kil-ajtu-zedelhatyn-zoldady/

pixel