Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Армян-әзірбайжан қақтығысында Қазақстан ұстанымы қандай: СІМ жауап берді

Опубликовано:

Фото
Фото: gov.kz

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі армян-әзірбайжан қақтығысы бойынша еліміздің ұстанымы қандай екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жақында Армения премьері Никол Пашинян Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымына қатысушы елдерге Армения елі Таулы Қарабақтағы қақтығысты шешу үшін көмек сұрап, жүгінбегенін мәлімдеген болатын. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты растап отыр.

Одан бөлек еліміздің құзырлы мекемесі Ереван тарапынан шақырту болса, Қазақстан ұйым жарғысына сәйкес әрекет ететінін алға тартты.

"Біз өз ұстанымымызды айтқан болатынбыз, қандай да бір қаруландыруды доғарып, келіссөздер үстеліне отыру қажеттігін, диалог арқылы мәселені шешу керектігін айтқан едік. Егер бізге ҰҚКҰ аясында жүгінетін болса, әрине бәрі қарастырылатын болады. Аталмыш ұйымның жарғысына сәйкес қарастырылады", - дейді Қазақстан СІМ басшысының орынбасары Марғұлан Баймұхан.

Қауіпсіздік кеңесінің 15 мүшесі Таулы Қарабақта ушыққан ахуалды талқылап, жиын жасаған болатын. Олар ортақ мәлімдеме жасап, соғыстың тоқтатылуын жақтаған. Алайда жексенбіде бұрқ еткен қақтығыстың қашан тоқтайтыны белгісіз. Қақтығыстан екі тараптан да адам шығыны бар. Қаза тапқандар арасында бейбіт тұрғындар да жетерлік.

Айта кетсек, Таулы Қарабақтың кімге тиесілі екені жөнінде талас туғанына 30 жылдан асқан.

Еске салсақ, бұған дейін Нығматулин телефон арқылы Әзірбайжан парламентінің спикерімен сөйлескен болатын.

Одан бөлек, Рамзан Қадыров Әзірбайжан мен Арменияны қантөгісті тоқтатуға шақырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1877210-arman-zirbajzan-kaktygysynda-kazakstan-stanymy-kandaj-sim-zauap-berdi/

pixel