Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Трамптың коронавирустан тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның жұбайы Меланияның коронавирустан тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы мемлекет басшысы twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Президент Трамп пен оның жұбайы Меланияның коронавирустан тезірек сауығып кетуіне шын көңілден тілектестік білдіремін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетсек, осыған дейін Америка Құрама Штаттарының президентінің коронавирус инфекциясын жұқтырғанын жазған едік.

Бұл туралы Дональд Трамп Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Оның сөзінше, өзі және жары Мелания да коронавирус инфекциясын жұқтырған.

"Карантинде оқшауланамыз және бірден емделу процесін бастаймыз. Біз бұдан да бірге өтеміз", - деді АҚШ президенті.

Бұған дейін Дональд Трамптың кеңесшісі Хоуп Хикстен COVID-19 расталғаннан кейін АҚШ басшысы карантинге жатқызылған. Ол коронавирус сынамасының нәтижесін күтіп отырғанын мәлімдеген еді.

"Үзіліссіз көп жұмыс істеген Хоуп Хикстен коронавирус расталды. Қорқынышты! Біз бірінші ханыммен бірге тест нәтижелерін күтіп отырмыз. Осы уақытта біз карантин процесін бастаймыз!" - деді Трамп.

Естеріңізге сала кетейік, америкалықтар дебат басталмай тұрып Дональд Трампты жеңіспен құттықтап қойған "Қазақстан үкіметіне" таң болды.

Кейін бұл құттықтауды шын мәнінде Қазақстан үкіметі емес, "Борат" фильмінің актері жолдағаны анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1877502-tokaev-trampty-koronavirustan-tezirek-sauygyp-ketuine-tilektestik-bildirdi/

pixel