Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рудный қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Опубликовано:

Қуандық Испергенов
Фото: Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қуандық Испергенов Рудный қаласының әкімі болып тағайындалды. Бүгін оны әріптестеріне аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов таныстырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қуандық Хайдарұлы бұған дейін Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының әкімі қызметін атқарған.

Испергенов Қостанай облысы Жітіқара ауданы Аққарға ауылының тумасы. Екі жоғары білім бар.

Ол Рудный индустриалдық институтын "инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша және Қостанай әлеуметтік академиясын "Заңгер" мамандығы бойынша тәмәмдаған.

"Жаңа қала әкіміне Рудный қаласының тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту жөнінде нақты тапсырмалар бердім. Жаңа қызметте табыс тілеймін!", - дейді Архимед Мұхамбетов.

Еске салайық, қыркүйек айының соңында Рудный қаласының әкімі Бақытжан Гаязовтың қызметінен босатылғаны белгілі болды. Оның қызметінен кету туралы өтінішіне Қостанай облысының басшысы қол қойған.

Кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оның жұмысынан кету себебін анықтады. Бұрынғы әкім өзінің тікелей бағынушысы Качар ауылының әкімі Арман Алдоңғаровқа қатысты сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін отставкаға кеткені анықталды.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысының жарлығымен Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының екі орынбасары тағайындалғанын хабарлаған едік.

Сонымен қатар Республикалық ғарыштық байланыс орталығына жаңа басшы тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1877913-rudnyj-kalasyny-zaa-kimi-tagajyndaldy/

pixel