Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екеуі шетелде жүр: 30 жылда Қырғызстан президенттері қалай ауысты

Опубликовано:

Қырғызстан көтерілісі
Фото: Sputnik Қырғызстан

Қырғызстанның жаңа тарихы саяси оқиғаларға толы. Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде бауырлас қырғыз елінде төрт президент ауысып, оның екеуі шетелде бас сауғалауға мәжбүр болды деп жазады KAZ.NUR.KZ. Назарларыңызға қырғыз басшыларының ел билігіне қалай келгені туралы қысқаша шолуды ұсынамыз.

Осыдан 15 жыл бұрын Қырғызстанда халық алғаш рет жаппай наразылыққа шықты. Елде 2005 жылы наурыздағы парламент сайлауы қорытындыларынан кейін жаппай шерулер басталды.

Оның соңы "қызғалдақ революциясына" ұласты. Отбасымен Қырғызстаннан қашқан Асқар Ақаев Ресейге жасырынды. Ол қазір де сонда тұрады.

Бұл төңкеріс нәтижесінде билікке сол кезде премьер-министр болған Құрманбек Бакиев келді.

2010 жылы 7 сәуірде Қырғызстан халқы екінші рет көтерілді. Ел тұрғындары бағаның өсуі, экономикадағы ауыр жағдай, жемқорлыққа қарсылық танытты.

Билік қару қолданып, халықты одан сайын ашуландырып алды. Бакиев елден қашып, отставкаға кетті. Беларусь елі оған бас сауғалауға рұқсат етті.

2010 жылғы сәуір оқиғаларынан кейін уақытша үкімет құрылып, оның басшысы Роза Отунбаева болды.

Сол жылы елде конституцияны бекітуге арналған жалпыхалықтық референдум өтті. Сол оқиғадан соң Роза Отунбаева ауыспалы кезеңнің президенті атанды.

Аймақтағы бірінші әйел президент елді бір жылдан аса уақыт басқарды. Қазан айында президенттік сайлау жарияланды.

2011 жылы сол сайлауда Алмазбек Атамбаев президент болып сайланды. Ол президенттікке үміткер ретінде өзін үш рет ұсынған. Жаңа конституция бойынша Атамбаевтың алты жылдық мерзімді өткерген соң, қайта сайлауға түсуге құқы болмады.

2017 жылы қазан айында Қырғызстанда алғаш рет президентті конституцияға сай мерзімде сайлады. Жаңа президент болып Атамбаев құрған социал-демократиялық партияның мүшесі, премьер-министр Сооранбай Жээнбеков сайланды. Экс-президент оны досым деп таныстырды.

Алайда, 2018 жылы наурызда бұрынғы достар арасында келіспеушілік туындай бастады. Оған ресми себеп Атамбаевтың Жээнбековке туған бауыры Асылбек Жээнбековтің депутаттық мандатын өткізуді талап етуі еді.

Атамбаев, сондай-ақ, ел президентін жемқорлық негізінде кеденде ақша жасап жүрген Матраимовтармен байланысы барын жайып салды.

Нәтижесінде бірнеше айдың ішінде бұрынғы президенттің жақын маңайындағы адамдар жемқорлық айыбымен ұсталды.

2019 жылы жазда Қырғызстан парламенті Атамбаевтың жеке басына қолсұқпаушылық мәртебесін жойды, содан соң бас прокуратура оның ізіне түсті.

2019 жылы 7 тамызда Бішкектің түбіндегі Кой-Таш елдімекенінде арнайы жасақ Атамбаевты ұстап әкетуге тырысып, оның соңы қақтығысқа ұласты.

8 тамызда Атамбаев өз еркімен құқық қорғау қызметкерлеріне берілді. Сот шешімімен ұсталып, МҰҚК-нің тергеу изоляторына қамады.

Атамбаев қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевты заңсыз бостандыққа шығарғаны үшін, арнайы жасақ қызметкерін өлтіру фактісі бойынша және жер учаскелерін заңсыз иемденгені үшін сотталған.

Ал кеше Атамбаевты Бішкекте жаппай наразылыққа шыққан халық елдің қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторынан босатып алып шықты.

Бүгінгі күрделі жағдайды ел президенті Сооронбай Жээнбеков "бірқатар саяси күштердің билікті заңсыз басып алу әрекеті" деп атады.

Ал сарапшылар Жээнбеков өз еркімен отставкаға кетуі керек деп есептейді.

Қырғызстандағы наразылықтарға қатысты Еуроодақ та мәлімдеме жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1878119-30-zylda-kyrgyzstan-bassylary-el-biligine-kalaj-keldi/

pixel