Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алмазбек Атамбаев үй қамаққа алынды

Опубликовано:

Атамбаев мәлімдеме
Фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

Алмазбек Атамбаевтың адвокаты Бішкектің 1-май аудандық сотының жаңа қаулысын жариялады. Соған сәйкес, енді экс-президент үй қамақта отырады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қырғызстанның экс-президентінің адвокаты Замир Жоошев Facebook-тегі парақшасында Бішкек қалалық соты 1-май аудандық сотының Атамбаевқа қатысты шығарған, қолы қойылып, мөрі басылған қаулысын жариялады.

Онда Алмазбек Атамбаевтың бірнеше бап бойынша қылмыс жасағаны үшін айыпталғаны, бірақ бұрын сотталмағандықтан тергеу абақтысында емес, үйқамағына алынуы мүмкін екені, Қырғызстаннан қашып кетуге ниетінің жоқтығы және тұрғылықты жері бар екені жазылған.

Айта кетсек, 2020 жылдың маусым айында Атамбаев 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылған еді. Бұған қоса, ол мемлекеттік атақтары мен сыйлықтарынан айырылған болатын.

Енді соттың жаңа шешімі күшіне енсе, онда Атамбаев 2020 жылдың 11 қарашасына дейін үйқамақта отыруға міндетті. 

Атамбаев үй қамаққа алынды
Фото: Замир Жоошевтің Facebook парақшасы

Еске сала кетсек, кеше Қырғызстанда парламент сайлауының нәтижесімен келіспеген наразы жұрттың Бішкектегі мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратына кіріп, елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тергеу изоляторындағы қамаудан босатып алғанын хабарлағанбыз.

Бұған қол жеткізу мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығымен келіссөз жүргізгеннен кейін мүмкін болған.

Кейінірек, қамаудан босатылған экс-президент жақтастарымен кездесуді жоспарлап отырғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1878125-kyrgyzstanny-eks-prezidenti-almazbek-atambaev-j-kamakka-alyndy/

pixel