RU

Қырғызстандық сарапшылар: Сооронбай Жээнбеков өз еркімен отставкаға кетуі керек

Сооронбай Жээнбеков
Сооронбай Жээнбеков. Фото: РИА Новости / Алексей Дружинин

Қырғызстанда парламент сайлауынан соң жаппай наразылықтар басталып, халық "Ақ үйді" басып алды. Президентке импичмент жариялау керек деген ұрандар айтылуда. Қырғызстандық сарапшылар елдегі саяси ахауал шиеленіскен сәтте Сооронбай Жээнбеков өз еркімен отставкаға кетуі керек деп санайды деп жазады KAZ.NUR.KZ 24.kg ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Елде саяси жағдай ушығып тұрған кезде саясаткерлер билікті өзара бөлісіп, Жогаргу Кенеш спикері әрі пермьер-министр міндетін атқарушы ретінде Садыр Жапаровты тағайындады. Ал Сооронбай Жээнбеков әзірге елдің заңды президенті болып қала бермек.

Сарапшылардың ойынша, қазір ол Қырғызстандағы жағдайдың тезірек тұрақтануына ықпал ете алады. Сооронбай Жээнбеков өз еркімен отставкаға кетуі тиіс.

Алайда, басылымның жазуынша, президенттің 5 қазанда жасаған мәлімдемесінде оның қызметінен өз еркімен әзірге кетуге ниетті емес екенін байқатады.

Сарапшылардың пікірінше, жағдайды импичмент арқылы шешуге де болады.

Қырғызстан Конституциясына сәйкес, Сооронбай Жээнбековқа импичмент жариялау үшін Жогаргу Кенеш мүшелерінің кем дегенде 80 дауысы керек.

Саясаткердердің айтуынша, мұндай дауысты жинау қиынырақ болмақ. Олар өздерін оппозиция деп санайтындар Сооранбай Жээнбековтың ұсынысын қабыл алып, онымен келіссөз жүргізулері мүмкін екенін де жоққа шығармады.

Еске сала кетсек, Қырғызстандағы наразылық шаралар мен митингтер бүгін түнде де жалғасын тапты. Ашуға булыққан наразы халық парламенттің шұғыл жиналысы өтіп жатқан "Достук" қонақ үйінің ішіне баса көктеп кірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1878212-kyrgyzstandyk-sarapsylar-sooronbaj-zeenbekov-z-erkimen-otstavkaga-ketui-kerek/