Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы екі облыста әкім орынбасарлары тағайындалды

Опубликовано:

Иван Турков әкім орынбасары
Иван Турков. Фото: СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысы мен Қарағанды облысы әкімдерінің жаңа орынбасарлары тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметіне Иван Турков тағайындалды. Бұған дейін осы лауазымда болған Антон Федяев қоластындағы қызметкерінің жемқорлықпен ұсталуына байланысты қызметінен кетуге мәжбүр болды.

Турков Жамбыл және Тайынша аудандарының әкімі болған. Енді 44 жастағы әкім орынбасары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс саласына жауап береді.

Ал Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметіне Нұрсұлтан Жиенбаев кірісті. Бұған дейін аймақ басшысының орынбасары болған Ермағанбет Бөлекпаев енді Қарағанды қаласының әкімі болады.

Нұрсұлтан Жиенбаев 1
Нұрсұлтан Жиенбаев. Фото: primeminister.kz

Нұрсұлтан Жиенбаев индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялау және дамыту институтының басқарма төрағасы болған.

39 жастағы шенеунік тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және төтенше жағдайлар саласына жауапты болады.

Айта кетейік, жақында Қуандық Испергеновтің Қостанай облысы Рудный қаласының әкімі болып тағайындалғанын хабарлағанбыз.

Қуандық Хайдарұлы бұл қызметке дейін Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының әкімі болған.

Сондай-ақ бұған дейін мемлекет басшысының жарлығымен Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының екі орынбасары тағайындалғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1878214-kazakstandagy-eki-oblysta-kimni-orynbasarlary-tagajyndaldy/

pixel