Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ Қырғызстандағы қазақстандық компанияларды басып алу әрекеттері жайлы мәлім етті

Опубликовано:

Джеруй кен орны
Джеруй кен орнындағы құрылыс. Фото: 24.kg

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қырғыз Республикасындағы қазақстандық кәсіпорындардың жағдайына қатысты мәлімдеме жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның ресми telegram-арнасына сілтеме жасап.

"Қырғыз Республикасындағы қазақстандық инвесторларға тиесілі бірқатар кәсіпорындарға шабуылдар мен оларды басып алу әрекеттеріне байланысты үлкен алаңдаушылық білдіреміз.

Кәсіпорындардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қызметкерлеріне күш жұмсау және осы кәсіпорындардың мүлкін жою туралы қауіп-қатер көрсету фактілері ерекше алаңдатады.

Қазақстандық компаниялар соңғы жылдары Қырғызстан экономикасына 1 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция құйып, көрші елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты.

Қырғыз тарапын Қазақстан азаматтарының да, Қырғызстан аумағындағы қазақстандық компаниялардың да қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша дереу шаралар қабылдауға шақырамыз", – делінген Қазақстан сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қазанда Қырғызстанда парламент сайлауы өтіп, оған көңілі толмаған тұрғындар 5 қазанда наразылық шеруіне шыққан. Оған он мыңдаған адам қатысқан.

Наразы жұрт Ақ үйді басып алып, сонымен қатар қамауда отырған елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты бостандыққа шығарып алды.

Сондай-ақ бұған дейін белгісіз адамдардың Қырғызстандағы ең үлкен алтын кен орны – Джеруйге кіргені хабарланды. Кен орнында жұмыс істеген компания жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1878652-sim-kyrgyzstandagy-kazakstandyk-kompanialardy-basyp-alu-reketteri-zajly-mlim-etti/

pixel