Тәжікстанда президент сайлауы өтіп жатыр
Опубликовано:

Бүгін Тәжікстанда президенттік сайлау басталып, елде сайлау учаскелерінің есігі ашылған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Сайлау жергілікті уақыт бойынша 6:00 мен 20:00 аралығында өтетін болады деп хабарлайды Тәжікстанның ОСК.
Мемлекетте 3414 сайлау учаскесі ашылған. Ал ел сыртында тағы 39 учаске сайлаушыларды қабылдайтын болады.
Орталық сайлау комитетінің хабарлауынша, тіркелген сайлаушылардың жалпы саны 4,9 миллион адам болған. Ал президенттіке қазіргі басшы Эмомали Рахмонмен қосғанда бес адам кандидат болып отыр.
Егер тіркелген сайлаушылардың 50% -дан астамы дауыс берсе, онда сайлау аяқталды деп саналады. Азаматтардың жартысынан көп дауысын алған үміткер жеңіске жетеді. Сайлауды халықаралық байқаушылар бақылайтын болады.
Sputnik Тәжікстанның хабарлауынша, ЕҚЫҰ, ТМД Парламентаралық ассамблеясы, ТМД Атқару комитеті, ШЫҰ, сондай-ақ Ресей мен Өзбекстаннан 122 халықаралық бақылаушылар келеді.
Еске сала кетсек, 24 қыркүйекте Тәуелсіздік сарайында Александр Лукашенконың инаурациясы өтіп, Беларусь президенті қызметіне кіріскен еді. Лукашенкоға президент куәлігі табысталған.
Содан соң, бүгін белоруссиялықтар жаппай наразылықтарға шығып, тіпті автокөлік жүретін жолдарды жауып тастаған. Соның салдарынан Минск көшелерінде ұзын-сонар кептеліс пайда болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1878962-tzikstanda-prezident-sajlauy-tip-zatyr/