Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Семейге келді (видео)

Опубликовано:

Тоқаев Семей қаласына келді
Видеодан кадр: Facebook.com/Berik Uali

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Семей қаласына келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Сапар барысында Президент "Ұлы ақын Абай ұлдарымен" ескерткішінің ашылу салтанатына қатысып, Абайдың "Жиделі-Бөрлі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайын аралап көреді.

Сонымен қатар "Қарағайлы" ықшам ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысады.

Бұдан бөлек ақынның сирек кітаптар қорының көрмесін тамашалап, «Абай әлемі» сериясымен шыққан кітаптарды көріп, абайтанушы ғалымдармен кездеседі.

Қасым-Жомарт Тоқаев сапар соңында Жидебайға барып, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені мен ақынның мұражай-үйінің тыныс-тіршілігімен танысады.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдаған еді.

Қазақстан президентіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің биылғы 9 ай ішінде атқарған жұмыстарының негізгі көрсеткіштері жөнінде есеп берілген.

Сондай-ақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының басшысы Сооронбай Жээнбековтың әрекеттеріне қатысты өз бағасын берген болатын.

Қазақстан президенті Қырғыз еліндегі жағдайдың конституциялық жолға түсу бастағаны қуантарлық жағдай екенін алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1879717-memleket-bassysy-zmys-saparymen-semejge-keldi-video/

pixel