Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дональд Трамп АҚШ-тың бас инфекционист дәрігерін ақымақ деп атады

Опубликовано:

Дональд Трамп
Фото: Alex Wong/Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирус жайлы айтатындардың бәрін және елдің жұқпалы аурулар жөніндегі бас маманын адамдар тыңдаудан жалықты деген мәлімдеме жасады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дональд Трамп коронавирус пандемиясының салдарынан 220 000 америкалық қайтыс болғанына қарамастан, америкалық сарапшыларды жағымсыз деп атады деп жазады Chicago Tribune.

"Адамдар Фаучи мен осы ақымақтардың бәрін тыңдап шаршады", - деді ол АҚШ-тың бас инфекционисті туралы.

Энтони Фаучи асқан танымалдылыққа әрі құрметке ие. Алайда Трамптың пандемия жөніндегі сарапшылар жасаған ұсыныстан бас тартуы екіжақты айыптауға себеп болды.

Бұған дейін Фаучи бірнеше іс-шара өткізген Трамптың коронавирус жұқтырғанына таңқалмағанын жеткізген.

"Мен оны өте қауіпті жағдайда көргенде, ол ауырып қалады деп қорықтым: адамдар көп, адамдар арасындағы қашықтықтың жоқтығы және ешкім маска тақпаған", - деді ол.

Еске сала кетсек, АҚШ президенті кеңесшісі Хоуп Хикстен COVID-19 расталғаннан кейін карантинге жатқызылған болатын. Ал Трамптың өзі коронавирусқ тест тапсырып, нәтижесін күтіп отырғанын мәлімдеген еді.

Кейіннен ол Twitter желісіндегі парақшасында жұбайы Мелания екеуінің коронавирус жұқтырғанын хабарлады.

Сондай-ақ оның ауруханадан шыққанын хабарлаған едік. Дональд Трамп коронавирустан емделіп жатқан Уолтер Рид ұлттық әскери-медициналық орталығынан Ақ үйге оралған болатын.

Ақ үйге кіргеннен соң денсаулығы жайлы баяндап, өзінде бәрі жақсы екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1880519-tramp-aks-ty-bas-infekcionist-drigerin-akymak-dep-atady/