Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Мағзұм Мырзағалиевке бірқатар нақты тапсырма берді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мағзұм Мырзағалиев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады деп жазады KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында президентке Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің биылғы 9 айда атқарған жұмыстарының негізгі бағыттары жөнінде есеп берілген.

Мағзұм Мырзағалиев мемлекет басшысына Экология кодексінің мәжілісте қаралып жатқаны туралы егжей-тегжейлі баяндаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған құжатқа оң баға беріп, еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған жаңалықтарды атап өтті.

Президенттің пікірінше, бұл құжаттың айрықша маңыздылығы қоғамды, табиғатты аялауға шақыру және ауаны ластайтын зиянды заттардың көлемін азайтуға байланысты.

Сонымен қатар Экология, геология және табиғи ресурстар министрі мемлекет басшысына биылғы вегетациялық кезеңнің өтуі және су ресурстарының жағдайы туралы мәлімет берген.

Оның айтуынша, биыл су деңгейінің төмен болуына және су тапшылығы қаупіне қарамастан вегетациялық кезең салыстырмалы түрде тұрақты өткен.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа су саласын цифрландыру туралы баяндалған. Мағзұм Мырзағалиев Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су арнасын цифрландырудың пилоттық жобасының аяқталғаны туралы айтты.

Бұл су шығынын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берген. Осы ретте, президент суды тиімді пайдалану қажеттігіне назар аударды.

Бұдан бөлек мемлекет басшысына балық шаруашылығының жағдайы және осы бағытты дамытудың салалық бағдарламасының әзірлену барысы туралы ақпарат берілді.

Министрдің айтуынша, Қазақстан су қоймаларының әлеуеті балық өсіру көлемін жылына 7,5 мың тоннадан 600 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл балық экспортын 300 мың тоннаға дейін ұлғайтуға ықпал етеді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Мағзұм Мырзағалиевке бірқатар нақты тапсырма берді.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевпен кездескен болатын.

Сонымен қатар президент реформалар жөніндегі жоғары кеңестің алғашқы отырысы 21 қазанда өтетінін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1880605-tokaev-magzm-myrzagalievke-birkatar-nakty-tapsyrma-berdi/

pixel