Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент екі министрліктің жауапты хатшысын қызметінен босатты

Опубликовано:

Президент екі министрліктің жауапты хатшысы қызметінен босатты
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының өкімімен екі министрліктің жауапты хатшысы қызметінен босатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Әнуар Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен;

Әсем Бекқызы Нүсіпова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды", – делінген Ақорданың хабарламасында.

Сонымен қатар мемлекет басшысының өкімімен Сәбит Нұрлыбай Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Ол Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Айта кетейік, бүгін президенттің парламент мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы қаулысы шықты. Оған сәйкес мәжіліс сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауға байланысты үндеуі жарияланды.

Мемлекет басшысының айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы мен Бас прокуратура сайлаудың заңдылығын, ашықтығын және әділдігін сақтау үшін тұрақты бақылау жүргізіп отырады.

Президент осы орайда елдің барлық азаматтарын белсенді азаматтық ұстанымын танытуға, парламент мәжілісінің және мәслихаттардың алдағы сайлауына ұйымшылдықпен қатысуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1880702-prezident-eki-ministrlikti-zauapty-hatsysyn-kyzmetinen-bosatty/

pixel