Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда парламент сайлауы 20 желтоқсанда өтетін болды

Опубликовано:

Жогорку Кенеш
Жогорку Кенеш. Фото: 24.kg

Қырғызстанда Жогорку Кенеш сайлауы биылғы 20 желтоқсанда өтеді. Орталық сайлау комиссиясының бүгінгі отырысында бірауыздан тиісті шешім қабылданған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы 24.kg-ға сілтеме жасап.

ОСК мүшесі Гүлнара Джурабаева комиссияның кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер дайындағанын мәлім етті.

"Комитет өзгерістерді мақұлдады, бұл жұмыстар қатар жүргізіледі. Біздің шешіміміз бұл бағдарламаларды қабылдауға кедергі болмайды", – дейді ол.

Еске сала кетсек, Бішкектегі жаппай наразылық акцияларынан кейін 6 қазанда орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауы нәтижелерінің күшін жоюға мәжбүр болды.

Елдің бас прокурорының міндетін атқарушы Алмамбет Шыкмаматов сайлау нәтижелерін жою – оппозицияның негізгі талабы болғанын, және ол талап орындалғанын мәлімдеген еді.

Бұған дейін Қырғызстан орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұржан Шайлдабекова елдегі президент сайлауы мен парламент сайлауы шамамен қашан өтетінін айтқан болатын.

Айта кетейік, ел президенті Сооронбай Жээнбеков 15 қазан күні халыққа үндеу жасап, отставкаға кететінін жариялады.

Конституцияға сәйкес мемлекет басшысы қызметінен кеткеннен кейін оның өкілеттіктері парламент төрағасына өтеді. Егер спикер өз міндеттерін орындай алмаса, онда республиканың премьер-министрі президенттің міндетін атқарушы болады.

Кейіннен өз жақтастарының алдында сөз сөйлеген Қырғызстан премьер-министрі Садыр Жапаров елдің спикері Қанат Исаев президент болудан бас тартқанын және барлық өкілеттіктер өзіне берілгенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1880722-kyrgyzstanda-parlament-sajlauy-20-zeltoksanda-tetin-boldy/