Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қанша саяси партия тіркелген

Опубликовано:

Парламент
Көрнекі фото: Парламент сенатының баспасөз қызметі

Еліміздің Әділет министрлігі дәл қазіргі уақытта елімізде 6 саяси парти тіркелгенін мәлім етті деп жазады KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне сәйкес, 2020 жылдың қазан айындағы жағдай бойынша Қазақстанда алты саяси партия тіркелген.

Саяси партиялардың тізімі

  • Nur Otan партиясы
  • Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы
  • Қазақстан халықтық коммунистік партиясы
  • "Ауыл" ұлттық-демократиялық партиясы
  • "Бiрлік" саяси партиясы
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП)

Қазіргі таңда Қазақстан парламентінде саяси партиялардың үш фракциясы бар. Олар "Нұр Отан", "Халықтық коммунистер" және "Ақ жол" партиясы.

Айта кетейік, елімізде парламент екі палатадан тұрады. Яғни төменгі палата - мәжіліс. жоғарғы палата - сенат.

Еске сала кетсек, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың парламент мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы қаулысы шықты.

"1. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалсын.
2. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылғы 11 қаңтарға тағайындалсын", - делінген жарлықта.

Айта кетейік, мемлекет басшысы сонымен қатар парламент мәжілісі және мәслихат депутаттарының сайлауын тағайындауға қатысты үндеуін жариялады.

Сондай-ақ президент реформалар жөніндегі жоғары кеңестің алғашқы отырысы 21 қазанда өтетінін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1880734-kazakstanda-kansa-saasi-partia-tirkelgen/

pixel