Америкалық БАҚ Трамптың Қытай банктеріндегі жасырын шоттарын біліп қойды
Опубликовано:

Дональд Трамп және оның одақтастары Демократиялық партияның кандидаты Джо Байденді Қытайға адал адам ретінде көрсетуге тырысып, оның ұлы осы елде бизнес жасайтынын мәлімдеген. Алайда төленген салықтар америкалық президенттің Қытаймен қаржылық келісім жасасқанын көрскеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Республикалықтардың сөзінше, Байденнің ұлы Хантер қытайлық кәсіпкерден банк шотын аштырған. Бұл оның шетелдікnермен көптеген байланысын көрсетеді.
Алайда Трамп бизнес тарихында да шетелдіктермен, соның ішінде Қытаймен жасалған қаржылық келісімдері бар болып шықты.
АҚШ президенті салық есептілігінің талдауына сәйкес, Трамптың үш мемлекетте банктік шоты бар. Солардың бірі Қытай болса, қалғаны - Ұлыбритания мен Ирландия деп жазады The New York Times.
Қытайдағы шотты Trump International Hotels Management L.L.C компаниясы бақылайды. Салықтық есептеулерге сәйкес, 2013-2015 жылдар аралығындағы лицензиялық келісім бойынша компания Қытайға 188 561 доллар салық төлеген.
Ал британиялық және ирландиялық шоттар Трамптың Шотландия мен Ирландиядағы гольф алаңдарын басқаратын компанияларына тиесілі. Олар осы елдерден миллиондаған доллар кірістер туралы үнемі есеп беріп отырады. Trump International Hotels Management хабалауынша, Қытайдан небәрі бірнеше доллар ғана түскен.
The Times сауалына Trump Organization заңгері Алан Гартен жауап беріп, компания жергілікті салықтарды төлеу үшін АҚШ-тағы кеңселері бар қытайлық банктен есепшот ашқанын айтты.
Оның мәлімдеуінше, бұл шот Қытайда "Азиядағы қонақ үй мәмілелерінің әлеуетін зерттеу үшін" кеңсе ашылғаннан кейін жасалған.
Еске сала кетсек, коронавируспен ауырған Дональд Трамп қандай дәрі ішкенін айтқан еді. Сөзінше, дәріні қабылдаған күннің ертесіне өзін қаһарман сезінген.
Сонымен бірге Трамп АҚШ-тың бас инфекционист дәрігерін "ақымақ" деп атады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1880750-amerikalyk-bak-trampty-kytaj-bankterindegi-zasyryn-sottaryn-bilip-kojdy/